Басты талап – сапа

73

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын көрді.

Алдымен сол жағалаудағы үстел теннисі орталығына барды. Орталықтың бас мердігері – «СК Дәнекер», бас жобалаушысы – «Шынар Проект және Компания», техникалық қадағалаушы – «Нұрәлем Құрылыс» серіктестіктері.

Айта кетейік, облыста бұқаралық спортпен шұғылданатындардың үлесі 39 пайызға, яғни, 328 597 адамға жетті. Халықты салауаттылыққа  ынталандыру үшін талапқа сай спорт нысандары қолжетімді болуы керек. Сол үшін аудандарда 11 денешынықтыру кешені салынды. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сай келетін орталық стадион және жабық бассейні бар көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталады.

Мұнан кейін Нұрлыбек Машбекұлы «Оқушылар сарайының» құрылыс алаңына барды. 350 орынға арналған заманауи үлгідегі нысан қосымша білім мен тәрбие ордасына айналып, онда жеткіншектердің бос уақытын тиімді, пайдалы өткізуіне оңтайлы мүмкіндіктер жасалады.

Облыс орталығындағы құрылыс нысандарын аралап шыққан аймақ басшысы ең басты талап сапа екенін ескертті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<