Асық ату мен бес асықтан Қазақстан құрамасы финалға шықты

75

0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы асық ату мен бес асық сайыстарынан финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды, деп хабарлайды «Ұлттық спорт және ат спорты» түрлері орталығының баспасөз қызметі.

Асық атудан ерлер құрамасы А тобында өнер көрсетіп, қарсылас шақ келтірмей 15 ұпай жинап, алғашқы орынмен шықты. Отандық асықшылар Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, топтық кезеңді жеңілісіз аяқтады.

Бес асық сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы да қарсыластарына есе жібермеді. А тобында Мажарстан, Қырғызстан, Швеция және Румыния құрамаларымен кездесіп, барлық қарсыласты 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, асық ату мен бес асықтан финалдық ойындар 11 қыркүйек күні «Алау» мұз айдыны кешенінде өтеді. Асық атудан ерлер құрамасы ақтық сында Б тобынан алғашқы орынмен шыққан Қырғызстан құрамасына қарсы ойнайды. Ал, өз кезегінде бес асықтан әйелдер құрамасы финалда Б тобынан бірінші орынмен шыққан Ресейге қарсы өнер көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<