Трампқа тағы да шабуыл жасалды

133

0

Фото: snob.ru

АҚШ-тың бұрынғы президенті және қайтадан президенттікке үміткер болған Дональд Трампқа кезекті мәрте қарулы шабуыл жасалды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі өзінің гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде Дональд Трамптың жанында атыс болғанын байқаған.

Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Грин қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.

– Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, – деп жазды Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Марджори Тейлор-Грин.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды акция кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<