Шиелі ауданының жаңадан сайланған әкімі таныстырылды

108

0

Фото: Шиелі ауданы

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Шиелі ауданында өткен актив отырысында осы ауданның жаңадан сайланған әкімі таныстырылды.


Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов Шиелі ауданы әкімі сайлауының қорытындысын хабарлады.

Ауданда сайлаушылардың 72,91% учаскелерге келіп, олардың 81,2%-ы Айтбай Жандарбековті қолдаған. Комиссия төрағасы Айтбай Насриддинұлына аудан әкімінің куәлігін табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<