Сыр елінің тартуы елордаға

975

0

Фото: ауылшаруашылығы басқармасы

Бүгін Астана қаласына ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. 28-29 қыркүйек күндері Қызылорда облысының тауарөндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады.

Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі.

– Жалпы жәрмеңкеге 70 жүккөлікке тиелген 600 тоннадан астам өнімдер елордалық тұрғындарға ұсынылады. Атап айтқанда, 300 тоннадан астам күріш, 6 тонна ет өнімдері, 30 тоннадай балық өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 180 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері жөнелтіледі. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын Сыр елінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз, – делінген облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<