Каспий теңізінде торнадо болды

67

0

Фото: Телеграм - РАСЕ

Каспий теңізінде торнадо болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы PACE телеграм арнасы хабарлады.

Арнадағы мәлімет бойынша, сурет Қашаған кен орнындағы Д аралында түсірілген.

«Бұл құбылысты қазір Ақтаудағы Есенов атындағы университет маманы Геннадий Тарасенко зерттеп жатыр. Геннадий Владимирович жер өрісінің энергетикалық өзгерістерін де зерттейді. Бұл жаңа құбылыстардың себебі болуы мүмкін», – делінген жазбада.

Еске салайық, бұған дейін океанолог маман Каспий теңізінде су деңгейі қашан да көтеріліп және тартылып тұрады, су қоймасының жоғалып кетуіне себеп жоқ екенін айтқан болатын.

«Каспий деңгейінің өзгеруі шамамен 200 жыл бойы зерттеліп келеді. Деңгейдің ауытқуы шынымен өте ауқымды, кейде ондаған метр болатыны айтылды. Мәселе әлі толық шешілмеген. Мұнда булану мен өзен ағынының балансы көрсетілген», – деді ғалым, океанолог Владимир Шевченко.

Ол Арал теңізінде басқа жағдай болғанын айтты. Әмудария мен Сырдария өзендері мақта алқаптары үшін тартылған, климат құрғақ болғанда теңіз тартыла бастайды.

«Шығыс-еуропалық платформа бойымен ағып жатқан Еділ сияқты өзендер Каспий теңізіне құяды, ағын көп өзгермейді, реттелді», – деді ол.

Ғалым Каспий теңізіндегі су деңгейінің өзгеруі негізінен табиғи себептерден болатынын, сондықтан олар бұрыннан болғанын және болашақта да бола беретінін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<