Референдум: Қызылордада мүгедектігі бар азаматтар үшін 45 инватакси қызмет көрсетеді

95

0

Фото: ашық дереккөз

Республикалық референдумға 6 күн қалды. Қызылорда облысы саяси науқанды өткізуге дайын.

Аймақта 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, қалғандары аудандарда.

Барлық учаскелер мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы яғни 1-қабатта орналасқан.

Бүгінгі күні облыста Брайльқарпін қолдана алатын 72 учаскеде 100 көз мүгедегіне арнайы трафарет дайындалды. Қалған 308 учаскеде трафареттер таратылады.

Дауыс берушілер үшін бюллетеньдер толтыру ережесі көрсетілген аудиоматериалдар ұсынылды.

Өңірде қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 45 инватакси мен 329 учаскеде сурдоаудармашылар ымдау тілі қызметтерін көрсетеді.

Дауыс беруге құқылы тұрғындардың 2637-і ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектегі бар азаматтар. Оның 1004-і кресло-арба қызметін қолданатындар, 1016-ы көру қабілеті төмен азаматтар, 617-і есту қабілеті төмен азаматтар.

Дауыс беру күні аймақтағы 374 учаскеде мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Мұнда дауыс беруге қажетті арнайы құрал-жабдықтар мен ақпараттық түсіндірмелер қамтылған.

Денсаулық жағдайына және науқас адамға күтім жасауына байланысты учаскеге келіп дауыс беруге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін комиссияның 2 мүшесі тасымалданатын жәшік арқылы азаматтың үйіне барып дауыс беруді ұйымдастырады.

Бұл ретте азаматтар 6 қазан сағат12:00-ге дейін өтініш қалдыруы тиіс.

Дауыс беру күні референдум учаскелері таңғы сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, референдум күні облыс бойынша 492 381 азамат дауыс беруге құқылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<