Жұртшылық көтерген мәселелерді оң шешімін табуға септігін тигізуде

119

0

Фото: Автор парақшасынан

Құрметті достар!

Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумы өтті.

Мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы саналатын жергілікті жердегі мәслихаттар сол аймақты терең түсініп, жұртшылық көтерген мәселелерді оң шешімін табуға септігін тигізуде.

Мәслихат депутаттарының өкілеттілік аясы кең, олар өңірдің дамуына ықпал етіп, облыс әкімін сайлайды, тексеру комиссияларын құрып, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен бюджеттерін бекітеді.

Ел аумағындағы алты саяси партиядан сайланған барлық деңгейдегі 2500-ге жуық мәслихат депутаттары бас қосып, панельдік сессиялармен жалғасып, өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасулар болады.

Бүгінгі форумда Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының жұмысына оң бағасын беріп, жақсы пікір білдірді.

Бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты өз жемісін беріп, азаматтар саяси үдеріске араласып, түрлі тақырып бойынша жұртшылық өз пікірін ашық білдіруде.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мәслихат – мемлекеттік биліктің маңызды тармағы. Аймақ жұртшылығының тыныс-тіршілігі, мұң-мұқтажы қашанда мәслихат депутаттарының жіті назарында болуға тиіс.

Сондай-ақ, форумда Президенттің реформаларын іске асыру аясында өңірлерді дамытудың өзекті мәселелері, Әділетті Қазақстанды құру қадамдары, сондай-ақ АЭС салу жөніндегі алдағы референдум талқыланды.

Мархабат Жайымбетов,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<