Қызылордалықтар белсенділік танытуда

97

0

Фото: Автордан

Жалпыхалықтық референдумда қызылордалықтар белсенділік танытуда. Солардың бірі — Сандуғаш Орынбаева. Ол да бүгін елеулі саяси науқаннан тыс қалған жоқ. Қала тұрғыны №189 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

«Ел Үкіметінің осындай маңызды шараларда халықпен санасуы құптарлық. Бұл әрбір қазақстандықтың өмірі, ел болашағы үшін аса қажет. Сондықтан референдумға көпшілікпен бірге келіп, мен де дауыс бердім», – деді ол.

Қазақстанның келешегі үшін таңдау жасағандардың тағы бірі – Олжас Нарымбетов.

«Бұл – өмірімде екінші мәрте дауыс беруім. Мұндай науқаннан тыс қалмау керек деп есептеймін», – деді ол.

Назерке Саниязова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<