Ардагер ұстаз алғашқылардың бірі болып дауыс берді

121

0

Фото: Автордан

Қала іргесіндегі Ақсуат ауылдық округі Ж.Маханбетов ауылындағы №143 мектепте орналасқан №227 сайлау учаскесіне 2233 адам тіркелген. Оның ішінде 35 қарт, 47 жас сайлаушы бар.

Дәл бүгін 18-ге толған Нұрасыл Рахметов пен Асылзат Рахметова есімді егіздер алғаш рет дауыс бергелі тұр.

Сайлау учаскесінің хатшысы Талғат Әбіртаевтің айтуынша, сағат 10.00-ге дейін 100-ден астам адам дауыс беріп үлгерген. Ең бірінші болып өз таңдауын жасаған зейнеттегі ұстаз Жұмабай Құрымбаевқа комиссия тарапынан сыйлық табыс етілген.

– Сайлаушылардың белсенділігі жаман емес. Әзір ең қарт сайлаушымыз келген жоқ. Ол кісілерге де сыйлығымыз бар. Үйден дауыс беруге 15 адам өтініш берді, – деді Т.Әбіртаев.

Айсәуле Қарапаева,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<