Түрлі номинациялар ұйымдастырылып, қатысушылар ынталандырылуда

89

0

Фото: автордан

Ақсуат ауылдық округі Ж.Маханбетов ауылындағы №268 мектеп- лицейде орналасқан №265 референдум учаскесіне өзінің азаматтық позициясын білдіруге түске дейін 435 адам келіп, таңдауын жасады.

Таңдау жасағандар болашаққа үлес қосып қана қоймай, әр түрлі номигэнациялар бойынша сыйлыққа ие болуда. Референдум учаскесінің хатшысы Әлия Сепулованың айтуынша, «Отбасымен келгендер», «Ең қарт дауыс беруші», «Жас отбасы» деген номинациялар ұйымдастырылып, қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталуда. 

Тіркелушілер арасындағы 74 жастағы еңбек ардагері Қайырбек Пірмановқа комиссия құрамы шапан жауып құрмет көрсетті. Ақсақал өзінің батасын беріп, кемел келешек үшін таңдау жасауға келгенін айтты.

Референдумнің өту барысын түрлі қоғамдық ұйымнан 8 бақылаушы қадағалап отыр. Әзірге ешқандай заңбұзушылықтар орын алмады.

Айсәуле Қарапаева,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<