Қызылордалық құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен балаға көмектесті

334

0

Фото: ТЖМ

Оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында орын алған, деп хабарлады ТЖМ. 2017 жылы туған ұл баланың аяғына айырдың тісі кіріп кеткен.

– Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен қысқа мерзімде айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды, – делінген хабарламада.

ТЖМ күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<