«Ауылдың келешегі біздің де қолымызда»

188

0

Нұрдәулет Қойшығұл – күрішші-механизатор. 2017 жылдан бері Жалағаш ауданындағы «Таң ЛТД» ЖШС-да еңбек етеді.

Биыл 26 жасқа толған Нұрдәулет бала кезінен күріш егудің қыр-сырына қанығып өсті. Әкесі Қойшығұл 35 жылдан астам шаруашылықта жұмыс жасаған.

– Рас, менімен қатарлас жастардың көбісі түрлі себеппен ауылдан кетті. Десе де қасиетті мекеннің келешегі біздің де қолымызда емес пе?! Қазір ауылда да жағдай жақсы. Жалақы уақытылы беріледі. Әкемнің жанында жүріп шаруашылықта еңбек етуге шешім қабылдадым. Оған еш өкінген емеспін. Жалпы, күріш өсіру мен үшін қиынға соққан жоқ. Егіннің қыр-сырын жақсы меңгеріп алдым. Шаруашылық 2800 гектарға жуық күріш өсіреді. Биыл орта өнім 77,7 центнерден келіп жатыр. 2021 жылдан бері ресейлік «Каурис» сорты егіледі. Өнімі өте жоғары. Өзіме бекітілген 45 гектардан 94,5 центнерден өнім жинадым. Тізгіндегі америкалық «John Deere» комбайны – сапалы техника. Оның өнімділікке тікелей әсері бар, – дейді Нұрдәулет.

Әділжан ҮМБЕТ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<