Мерекелік марапат

710

0

«Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағымен

Әбибуллаев Ибрагим Сражадинұлы марапатталды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Алғыс хатымен

Жұмашов Қалыбай Махамбетжанұлы – Арал аудандық ветеринариялық станциясының директоры.

Мырзабаев Серік Әбдіжаппарұлы – «Бекарыс Агрофуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен

Шайым Бисен Құсейінұлы – Сырдария ауданы «Ақжарма и К» фермер қожалығында механизатор болып зейнетке шыққан.

Омаров Арыстан Торғайұлы – Қызылорда қаласы «Торғай» шаруа қожалығының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен

Қалиев Төлепберген Алмасұлы – Сырдария ауданы «Мағ­жан және Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс бригадирі.

Көшербаев Дархан Жеткергенұлы – Арал ауданы «Олжас» шаруа қожалығының төрағасы.

Балғабаев Азиз Тұрдыбекұлы – Жаңақорған ауданы «Дос» шаруа қожалығының төрағасы.

Мақұлбеков Нұржан Әбділдаұлы – Шиелі ауданы «Мыр­заева» шаруа қожалығының төрағасы.

Сиқымова Несіпбала Талғатқызы – Қызылорда қаласы «Абзал және Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігінің сапа бөлімінің басшысы.

Төлегенов Нұрлан Сейітұлы – Қызылорда қалалық ветери­нариялық станциясының директоры.

Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен

Мұсаев Қанат Барлыбайұлы – Шиелі ауданы «Барлы Бай» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы.

Латипов Мырзағұл Қашқанқұлұлы – Арал ауданы «Тұрарбек» шаруа қожалығының төрағасы.

Омаров Мұхамедәлі Батырханұлы – Жаңақорған ауданы, «Қаратау Фрутс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен

Тоқтабаева Шолпан – Қазалы ауданы «Аржиков Б» шаруа қожалығының төрағасы.

Зкиров Ерлан Әлібекұлы – «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің бөлім басшысы, аға инженер-гидротехник.

Тұрлыбеков Жасұлан Әбдірәшитұлы – Сырдария ауданы, «Сыр құсы» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы.

Айменов Мұрат Ахметбекұлы – Қызылорда қаласы, «Aray Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрағасының орынбасары.

Шантугов Ербол Серікбайұлы – Сырдария ауданы, «Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш өсірушісі.

Жалғасбаев Ерлік Жақсығұлұлы – Қармақшы ауданы, «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс бригадирі.

Әбдібеков Дүйсенбек Рсымбекұлы – Сырдария ауданы, «Жарбол» шаруа қожалығының комбайншысы.

«Еңбек сіңірген орман өсіруші» құрметті атағымен

Балтаева Роза Жаналықызы – орман шаруашылығы саласының ардагері.

Төлеғұлов Нұрмағамбет Сүлейменұлы – орман шаруашылығы саласының ардагері.

І дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен

Сапаров Слам Жүнісбекұлы – Қызылорда орман шаруашылығы мекемесінің орманшысы.

ІІ дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен

Сақтапбергенов Ерлан Жомартұлы – Қызылорда орман шаруашылығы мекемесінің орман шебері.

Қалмаханов Серікбек Қалмаханұлы – Қармақшы орман шаруашылығы мекемесінің орманшысы.

ІІІ дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен

Әйміш Серік Киікбайұлы – Қазалы орман шаруашылығы мекемесінің орманшылық басшысы.

Толқынбаев Айдархан Анапияұлы – Жаңақорған орман шаруашылығы мекемесінің орманшылық басшысы.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Құрмет грамотасымен»

Маратов Санжар Сейлханұлы – Жалағаш орман шаруашы­лығы мекемесінің орманшы инспекторы.

Байділдаев Бақыт Қаржаубайұлы – Шиелі орман шаруа­шылығы мекемесінің орман пайдалану инженері.

Ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттары:

«Озат бақташы» – Алпысбаев Беркімбай Ықыласұлы. Арал ауданы «Жақсылық» шаруа қожалығының бақташысы, мүйізді ірі қара малдың әр 100 аналығынан 85 бас төл алып, мал басын 100% аман сақтаған.

«Озат шопан» – Ібішев Нұрлан Бөрібайұлы. Шиелі ауданы «Таубай» шаруа қожалығының шопаны. Қарамағындағы 2 382 бас қой аналықтын әр 100 аналығына есептегенде 104 бас қозы алған.

«Озат жылқышы» – Арыстанбеков Ескендір. Қызылорда қаласы «Искендир» шаруа қожалығының жылқышысы. Жылқы­ның әр 100 аналығынан 80 құлын алуды қамтамасыз еткен.

«Озат түйекеш» – Сартаев Қырымбай Бөлекбайұлы. Арал ауданы «Құланды» серіктестігінің түйекеші. Түйенің әр 100 аналығынан 54 бота алып, мал басын 100% аман сақтаған.

«Озат ветеринар» – Сарманов Мұрат Кабетұлы. Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық ветеринарлық пунктінің меңгерушісі.

«Озат асылтұқымды мал өсіретін үздік репродуктор-шаруа­шылық» –Жайназаров Нартай Жантуарұлы. Арал ауданы «Берекет» шаруашылығының төрағасы. 2024 жылы қазақтың ақбас тұқымды мүйізді ірі қарадан 216 бас төл өсірген.

«Озат бидай өсіруші» – Рыспанбетов Мұрат Қасқырбайұлы. Жаңақорған ауданы, «Сұңқар» шаруа қожалығының бидай өсірушісі. Бекітілген 220 гектардың әр гектарынан 35 центнер өнім алған.

«Озат жоңышқа өсіруші» – Әбдіқадыров Ғайнулла. Сырдария ауданы, «Шаған Жер» серіктестігінің жоңышқа өсірушісі. 200 гектар жоңышқа дақылының әр гектарынан 100 центнерден жоңышқа шөбін дайындаған.

«Озат көкөніс өсіруші» – Өтеулиев Ташкенбай Жұманұлы. Шиелі ауданы, «Мақсат» шаруашылығының көкөніс өсірушісі. 40 гектар көкөністің әр гектарынан 255 центнерден өнім жинаған.

«Озат мақсары өсіруші» – Берістем Дәулет. Жаңақорған ауданы, «Өзгент С» шаруа қожалығының мақсары өсірушісі. 124 гектар мақсарының әр гектарынан 18 центнерден өнім алған.

«Озат агроном» – Ізтілеуов Ғалымжан Бауыржанұлы. Сырдария ауданы, «Ақжарма и К» фермер қожалығының агрономы. Шаруа­шылық бойынша 2 200 гектар дақылдар егіліп, жоғары өнім жинауға қол жеткізді.

«Озат картоп өсіруші» – Фазылов Олжас Айдарханұлы. Жаңа­қорған ауданы, «Айдархан» шаруа қожалығының картоп өсірушісі. Бекітілген 5 гектар картоптың әр гектарынан 280 центнерден өнім жинады.

«Озат бақша өсіруші» – Қалменов Әлимахамад. «Қалмен Ата» шаруа қожалығының бақша өсірушісі. 20 гектар бақша дақылының әр гектарынан 730 центнерден өнім жинады.

«Озат гидротехник» – Оспан Жарқынбек Ерсайынұлы. «Қазалы­сушар» өндірістік учаскесінің маманы.

«Озат күріш өсіруші» номинациясы:

Байниязов Нұрпейіс Шәденұлы – Жалағаш ауданы «Құрман­бай ата» шаруа қожалығының күрішшісі. Бекітілген 42 гектар күріштің әр гектарынан 101 центнер өнім алған.

Сәрсенбаев Ержан – Шиелі ауданы «Ақмая» шаруа қожа­лығының күрішшісі. Бекітілген 250 гектар күріштің әр гектарынан 85 центнер өнім алған.

Бисенбаев Оразбек Берманұлы – Қармақшы ауданы «Тұрма­ғам­бет» серіктестігінің күрішшісі. Бекітілген 43 гектардың әр гекта­рынан 96,5 центнер өнім алуды қамтамасыз етті.

«Озат жатка машинисі» номинациясы:

Төребаев Дидар – Қармақшы ауданы «Интернационал Жер» серіктестігінің жатка машинисі. Науқан кезінде 1030 гектар күрішті жалға салды.

Умадатов Аралбек Балғанұлы – Қазалы ауданы «Агро Өркен» серіктестігінің жатка машинисі. Науқан кезінде 850 гектар күрішті жалға салды.

Ахметов Амангелді Шәймерденұлы – Шиелі ауданы «Бидайкөл» шаруа қожалығының жатка машинисі. Науқан кезінде 800 гектар күрішті жалға салды.

«Озат комбайншы» номинациясы:

Жұрынбаев Ақылбек Тұрсынбайұлы – Жалағаш ауданы «Мега Агро» серіктестігінің комбайнері. Науқан кезінде 4000 тонна астық бастыруды қамтамасыз етті.

Сәденов Мейірбек – Қармақшы ауданы «Ақтөбе и К» серіктестігінің комбайнері. Науқан кезінде 3596 тонна астық бастыруды қамтамасыз етті.

Мырзахметов Ғани Бегалыұлы – Қызылорда қаласы «Қызылорда Құрылыс НК» серіктестігінің комбайнері. Науқан кезінде 3000 тонна астық бастыруды қамтамасыз етті.

«Озат бригадир» номинациясы:

Байниязов Рүстем Оңғарбайұлы – Сырдария ауданы «Абай Дәулет» серіктестігінің бригадирі. Бригада ұжымы егілген 120 гектардың әр гектарынан 75 центнерден өнім жинады.

Төреқұлов Оразбек Дәдібекұлы – Жалағаш ауданы «Байтабын» серіктестігінің егіс бригадирі. Бригада ұжымы егілген 400 гектардың әр гектарынан 74 центнерден өнім жинады.

Раев Бақытжан Тілектесұлы – Қармақшы ауданы «Ақтөбе и К» серіктестігінің егіс бригадирі. Бригада ұжымы егілген 427 гектар Сыр маржанының гектарынан 71,7 центнерден өнім жинады.

«Озат өңдеу кәсіпорны» номинациясы:

Имандосов Самұрат Жұманұлы – Қазалы ауданындағы «Рза» акционерлік қоғамының президенті. Акционерлік қоғам бойынша ет, сүт өнімдерін өңдеуде жоғары нәтижеге қол жеткізді. 282,1 тонна ет өнімдерін, 4802 тонна сүт өнімдерін, 3890 тонна күрішті өңдеуді қамтамасыз етті.

«Озат тұқым шаруашылығы» номинациясы:

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы – Жалағаш ауданы «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қазақ­станның Еңбек ері. Серіктестік ауыл шаруашылығы тауар­өнді­рушілерді 1900 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымымен қамтамасыз етті.

«Озат егін шаруашылығы» номинациясы:

І орын Сырдария ауданы «Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Ералиев Дархан Жұмашұлы. Шаруашылық бойынша егілген 2520 гектар күріштен 21 000 тоннадан астам өнім жинап, орта өнімі әр гектарынан 83,4 центнерді құрады.

IІ орын Жалағаш ауданы «Ер-Әлі» шаруа қожалығы марапат­талды. Төрағасы Бекжанов Әліби Бақытбекұлы. Шаруашылық бойынша егілген 1516 гектар күріштен 12 128 тонна өнім жинап, орта өнімі әр гектарынан 80 центнерді құрады.

ІІІ орын Қармақшы ауданы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды. Директоры Төлепов Орынбасар Өтепұлы. Егілген 3100 гектар күріштен 18 600 тоннадан астам өнім жинап, орта өнімі әр гектарынан 60 центнерді құрады.

«Озат телеарна тілшісі» номинациясымен «Qyzylorda» телеарнасының редакторы Дәулет Сағит марапатталды. Ауыл еңбеккерлерінің тыныс-тіршілігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын жоғары деңгейде қамтамасыз етті.

«Озат газет тілшісі» номинациясымен «Сыр бойы» газетінің жауапты хатшысы Елубаев Дәуіржан Айболатұлы марапатталды. Биылғы жылғы облыстың экономикалық және әлеуметтік даму мәселелерін жергілікті басылымда жариялануына атсалысты.

«Ауыл шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен озат аудан» номинациясы:

«Балық шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Арал ауданы марапатталды. Аудан әкімі – Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы. Жыл сайын облыста ауланып, өңделген балықтың 95 пайыздан астамы ауданның үлесінде. Есепті кезеңде 2 мың тоннаға жуық балық өнімдері экспортталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,4 пайызға артқан.

«Су үнемдеу технологиясын қолдану бойынша озат аудан» номина­циясымен Шиелі ауданы марапатталды. Аудан әкімі – Жандарбеков Айтбай Насриддинұлы. Облыс бойынша су үнемдеу технологиясын қолданып егілген 4,4 мың гектар аумағының 2,1 мың гектары немесе 47 пайызы аудан үлесіне тиесілі.

«Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан» номинациясымен Сырдария ауданы марапатталды. Аудан әкімі – Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы. Биыл ауыл шаруашылығы саласына 1,4 млрд теңге инвестиция тартып, облыс көрсеткішіндегі үлесі 29,8 пайызды құрады.

«Мал шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинация­сымен Жаңақорған ауданы марапатталды. Аудан әкімі – Самитов Мажит Самитұлы. Мал шаруашылығы саласында мал басы санының өсу динамикасын қалыптастырып, мал өнімдерін өндіруде жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Есепті кезеңде мүйізді ірі қара саны 130,9 пайызға, қой мен ешкі 24,6 пайызға, түйе 22 пайызға артқан.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қазалы ауданы марапатталды. Аудан әкімі – Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы. Ет, сүт және балық өнімдерін өңдеуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Есепті кезеңде өңделген күріш 138,7 пайызға, балық өңдеу 2 есе артса, облыс бойынша өңделген еттің 49,1 пайызы, өңделген сүттің 95,4 пайызы ауданның еншісіне тиесілі.

«Егін шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қармақшы ауданы марапатталды. Аудан әкімі – Еркінбекұлы Жандос. Аудан бойынша егілген 25 272 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім жинауды қамтамасыз етті. Күріштің әр гектарынан 60 центнерден өнім алып, 79,6 мың тонна күріш салысын, 13 мың тоннадан астам картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинады.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда биылғы жылы ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан» номинациясымен:

Жалағаш ауданы марапатталды. Аудан әкімі – Ибраимов Ардақ Әбдіғаппарұлы. Ауыл шаруашылығы саласында 8 айдың қорытындысымен жалпы өнім көлемі 6,3 млрд теңгеге жетіп, инвестиция көлемі 118,6 пайызға артқан. Егілген 19 800 гектар күріштің әр гектарынан 60,5 центнерден өнім алып, қамбаға 119,8 мың тонна күріш салысын жинауды қамтамасыз еткен.

«Абзал және К» ТС демеушілігімен өндіріс озаттарына «Черри» жеңіл автокөліктері тапсырылды

Асқарбаев Серік Мырзабекұлы – серіктестіктің инженері және қуаттылығы сағатына 10 тонналық жаңа күріш ақтау зауытының жоба жетекшісі.

Байымбетов Үсен Рахымбайұлы – серіктестіктің бас инженері.

Жүнісов Талғат Ешмұратұлы – серіктестіктің техника жөндеу шеберханасының меңгерушісі.

Башаров Серік Залтайұлы – серіктестіктің сушы, механизаторы.

Найзатаев Қайрат Тыныштықұлы – серіктестіктің сушы, механизаторы.

«Таң лтд» ЖШС демеушілігімен өндіріс озаттарына «Лада» жеңіл автокөліктері тапсырылды

Ахметов Қайрат Ярович – серіктестіктің жүгері бригадирі.

Шандыбаев Сейсенбай Құдайбергенұлы – серіктестіктің егіс бригадирі.

Қойшығұл Нұрдәулет Қойшығұлұлы – серіктестіктің күрішшісі.

«Ақжар» шаруа қожалығының демеушілігімен өндіріс озаттарына «Лада» жеңіл автокөліктері тапсырылды

Ибраев Есен Қабылбайұлы – шаруашылық күрішшісі.

Тәжіков Рүстем Зиядинұлы – шаруашылықтың үздік механи­заторы.

«Абай Дәулет» ЖШС демеушілігімен өндіріс озаттарына «Шевроле» жеңіл автокөліктері тапсырылды

Тимур Жомартұлы – серіктестіктің көлік жүргізушісі.

Айтмағанбетов Ерлан Онғарұлы – серіктестіктің электр маманы.

Қордабаева Ләззат Айтмағамбетқызы – серіктестіктің әкімшілік бөлімінің басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<