Бәйгеқұм ауылында «Бала би» баба рухына арнап ас берілді

387

0

Бәйгеқұм ауылдық округінде ХІХ ғасырда өмір сүрген әйгілі би, Бала би бабаға арнап ұрпақтары атынан ас берілді. Бәйгеқұм ауылындағы арнайы дайындалған алаңда мәдени-көпшілік шаралар өткізілді.

Шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков сөз сөйлеп, Жетісу мен Сарарқадан, Шығыс пен Батыстан, Оңтүстік мен Сыр жағасынан келген қонақтарды және аудан тұрғындарына ризашылығын білдіріп, бабаларға етілген құрметтің бір көрінісі ретінде өткізіліп отырған осындай іс-шара сәттілік тіледі. Алаңға киіз үйлер мен шатырлар тігіліп, барша тұрғындар мен қонақтарға арнап ас берілді.

Сонымен қатар, баба рухына арнап құран бағышталып, «Жастар» театрының қойылымы және республикаға белгілі ақындардың қатысуымен ақындар айтысы, жазба ақындар мүшәйрасы, ұлттық спорт түрлерінен, оның ішінде қазақша күрестен палуандар сайысы өткізіліп, ат жарыс бәйге ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<