Бозкілемдегі бәсеке

385

0

Қызылорда қаласындағы №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы Жарқын Дүйсеновті еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті.

Биыл үшінші мәрте жалауын желбіреткен бәсекеге облыстың жас спортшылары қатысты. Сайыс барысында бозкілемге шыққан әрбір жас бойындағы жігерімен жанкүйерлер көзайымына айналып жатты.  

Асфандияр Жүсіпназар (26 кг), Әбілмансұр Егізбай (29 кг), Асылжан Нұриддин (32 кг), Алик Әбділда (35 кг), Мәди Әбубәкір (38 кг), Асылжан Өмірбек (41кг), Нұрсерік Жолдыбай (44 кг), Нұрислам Ысқақ (48 кг), Ислам Нұрлан (51 кг), Нұртөре Байсенбай (62 кг) өз салмақтарында жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз жеткіншектерге медаль мен дипломдар табысталды.

– Турнирдің мақсаты – еркін күрестен жаттықтырушы Жарқын Дүйсенов бейнесін ел есінде қайта жаңғырту. Жеңімпаздары болашақта аймағымыздың атын шығаратын чемпион болса деген ниет. Жарқынның да арманы осы еді. Елдің намысын көтеріп, абыройын асыратын жаңа спорт жұлдыздарын шығару болатын. Биылғы жарысқа 11-12 жас аралығындағы балалар қатысуда. Осы сайыстан озық шыққан балалар Әлем чемпионатында биік тұғырдан көрініп жатса, турнирдің нәтижелі болғаны, – дейді жарыс ұйымдастырушысы Айдос Бимұхамедов.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<