Қауіпсіздік іс-шаралары жыл бойы жалғасады

368

0

Жыл басынан бері өрт қауіпсіздігі саласында 1 134 нысан тексерістен өткен. Оның 363-і профилактикалық бақылау мен қадағалау шеңберінде, ал 771 нысан жоспардан тыс тексерілген.

Нәтижесінде 10942 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны анықталды. Сала мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған жеке және заңды тұлғаларға 1 159 әкімшілік іс қозғап, тиісті шаралар қабылдады. Жүргізілген тексеру мен қабылданған шаралар аймақтағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамның бірі болып есептеледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Арман Дастенов айтты.

– Жылу беру маусымы қарсаңында облыстағы әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың 5 463 тұрғын үй тізімі нақтыланды. Оларға 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігін сақтау түсіндірілді. Әлеуметтік осал топтардан бөлек, 10414 тұрғын үйді аралап, 34728 тұрғынға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен 160 көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынып, оның 116-сы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға орнатылды. Қазір 484 датчик сатып алу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу беру маусымы аяқталғанға дейін профилактикалық жұмыстар жалғасатын болады, – деді ол.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<