Қазақ әдебиетіне қолтаңба қалдырған қаламгер

88

0

Фото: автордан

Қаламгердің туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Халық партиясының бастамасымен Қызылорда қаласында орналасқан Мүлкаман Қалауов атындағы өнер мектебінде сурет сайысы өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлық және арнайы диплом табысталатын болады.

Әбдіжәміл Кәрімұлы – ғұмырын ақиқат пен шындыққа, Ұлтымыздың рухани кемелденуіне және Қазақ халқының шығармашылық мүмкіндіктерін әлемдік әдеби аренада мойындатуға арнаған қаламгер. Оның тек бір қауымның ғана емес, тұтас әлемнің келешегіне алаңдауынан туындаған, тарихи шындықтарға негізделген және болашақта орын алатын факторларды дөп болжаған романдары әлемдік әдебиеттің алтын қорына енді. Қасиетті әрі қасіретті Арал тағдыры арқылы адамзат тағдырына алаңдаған жазушының асқақ ойы мен қарымды қаламынан туындаған шығармалардағы сюжеттер бүгінгі күннің шындығына айналды және осы еңбектері жас суретшілердің шығармаларына арқау болмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<