Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні аспаннан ерекше құбылысты байқай алады

111

0

Фото: freepik

Қазақстандықтар 21 қазанға қараған түні «Орионид» метеорлық ағынын бақылай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

21 қазанға қараған түні сағатына 20-ға дейін метеор түседі деп болжанып отыр.

“Орионидтер басқа метеор ағындарының арасында өздерінің жарқын отты шарларымен ерекшеленеді. Ол секундына 65 шақырым жылдамдықпен қозғалатын үлкен метеорлардан тұрады”, – делінген хабарламада. 

Қазақстандықтар оларды түн ортасына жақын және таң атқанға дейін көре алады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<