Ливан Израильге қарай тағы 30 зымыран ұшырды

95

0

Фото: ТАСС

Ливаннан Израильге қарай 30-ға жуық зымыран ұшырылды, деп жазады ТАСС

Атап айтқанда, осы зымырандардың бір бөлігін әуе қорғаныс күші қағып түсірген және зымыран қалдықтары жерге құлаған. Осы соңғы соққылардың салдарынан бірқатар ауданда өрт болған.

Осыған дейінгі соққы кезінде Ливаннан Израильдің солтүстігіне 70-ке жуық зымыран бағытталған. 

Израильдің өрттен құтқару қызметі шабуылдардың салдарынан пайда болған көптеген өрт ошақтарын жоюмен айналысып жатыр.

Еске салсақ, жақында Израиль Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» нысандарына соққы беріп, 65 адам мерт болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<