Әскерге бармай-ақ 40 күндік даярлықтан өтудің шарттары қандай?

431

0

Әскерге бармай-ақ 40 күндік даярлықтан өтудің шарттары қандай? Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы Ғани Артықов 40 күндік әскери даярлық мектебінен өтудің шарттарын түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
«Әскери қызметке баламалы қызмет жайлы айтарым, ақылы түрде әскери дайындықтан – жасы 24-тен асқан, денсаулығы жарамды, әскери міндетін атқаруды кейінге шегеру құқығына ие жігіттер ғана өте алады. Қарулы Күштеріміз сан бойынша аса ауқымды емес болғандықтан, сондай-ақ барлық шақырылушы контингентті әскери дайындықпен 100 пайыз қамту мүмкін болмағандықтан, әскери дайындықтың баламалы түрі ұсынылды. Ақылы түрдегі әскери дайындық мектептерінде оқу үшін азамат өтінімді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беріп, одан кейін медициналық комиссиядан өтеді», – деді Ғани Артықов.
 Оның айтуынша, мұндай іріктеу жыл сайын 16 департаменттің барлығында өткізіліп тұрады. «Азаматтардың өтінімі бойынша біз олардың барлығын әскери дайындық мектебінен өткіземіз. Ең бастысы – денсаулығы жарамды болуы керек. Ақылы әскери дайындық мектебінен өту бағасы 263 мың 158 теңге», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<