![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-03/medium/1521110228_20180301131233.jpg)
16-18 наурыз күндері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар. 16-17 наурызда Қарағанды облысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, облыстың оңтүстігінде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.
17-18 наурызда Қостанай және Ақтөбе облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар. 18 наурызда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендердің арнасынан тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.
18 наурызда Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болып, кей жерлерде күшеюіне және күннің жылынуына байланысты қарлар еріп, өзендер арнасын сең бууы мүмкін, су өзендерден тасып, шабындықтарға жайылу қаупі бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<