ӨЗБЕКСТАН: ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАҒЫ БІР ГЕНЕРАЛЫ ҰСТАЛДЫ

509

0

Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (14 наурыздан бастап Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі болып өзгерді) төраға орынбасары болған 53 жастағы генерал Шухрат Ташпулатовқа қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды http://abai.kz  Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Озодлик дереккөзінің хабарлауынша, Шухрат Ташпулатов әскери прокуратураның сұрауы бойынша ақпан айында ҰҚҚ төрағасының орынбасары болған Шухрат Гулямов ісі аясында ұсталған. Оған қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.

Шухрат Ташпулатов 2017 жылдың шілде айынан бері ҰҚҚ төраға орынбасары әрі Ташкент облыстық басқарма басшысы қызметін атқарған. Ол қызметінен биыл қаңтар айында алынған.

Қаңтар айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Сұрхандария облысына барған сапары кезінде, Ұлттық қауіпсіздік қызметін қатаң сынға алып, өткен ғасырдағы 1937 жылғы репрессияға теңеген. Осыдан кейін ҰҚҚ шенеуніктері жаппай жұмыстан шығарылып, тұтқындала бастады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<