Алдағы күндері ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріледі

600

0

Қазгидромет 3-5 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды NUR.KZ.

«Алдағы үш тәулікте антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады және температура көтеріледі», — деп хабарлайды синоптиктер.

5 сәуірде солтүстік және шығыс облыстарда күндіз плюс 5…13, оңтүстікте ауа температурасы 20…28 градусқа дейін жылынады.

4-5 сәуірде батыста кей жерлерде жаңбыр, найзағай ойнап, температура аздап төмендейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<