![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-04/medium/1522672975_851a1434.jpg)
Нәтижесінде ерлер арасында 1-орынды Байқоңырдың «Ветеран» командасы алса, екінші орынды Байқоңыр қаласының «Коммунальщик», үшінші орынды Қызылорда қаласының «Ардагер» командалары еншіледі.
Ал әйелдер арасында Байқоңыр қаласының «Комета» командасы – бірінші, «Байқоңыр» командасы – екінші орындарды иеленді.
«Үздік шабуылшы» номинациясымен Владимир Ворон (Байқоңыр, «Ветеран» командасы), «Үздік қорғаушы» – Жұмахан Нұртазаев (Қызылорда «Ардагер» командасы), «Үздік байланыстырушы» – Бақытбек Кеңесов (Байқоңыр «Коммунальщик» командасы) марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға диплом, медаль, естелік сыйлықтар берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<