![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-04/medium/1522989683_20171127020425.jpg)
Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түсіп, оңтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25, екпіні 30 м/с-ге жетеді. Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<