![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-04/medium/1523939531_img_5991.jpg)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына аудан көлеміндегі ҮЕҰ-дың өкілдері, аудан жастары және қоғамдық үйым өкілдері белсене қатысып, Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры М.Ибраев сөз алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның мақсатын түсіндіріп өтті.
Ұйымдастырылған шарада мектеп оқушылары мен ауданымыздың белсенді жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ұсыныс – пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта да белсенділікпен қатысатындарын жеткізіп, «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» деп ұрандатып жастарымыз флешмоб өткізді, марафон аясында тағыда басқа көптеген шаралар өз жалғасын табатын болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<