Семинар өткізілді

262

0

  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында семинар өткізілді.

 Семинардың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық әдеп нормаларын сақтауы және заңбұзушылықтардын алдын алу. Жиын барысында департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы баяндама жасап, жиынға қатысушылардың назарына арнайы бейнероликті ұсынды. Бұдан бөлек, бұл тақырыпта «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының заңгер-консультанты С.Алшынбеков сөз қозғап, департаменттің бас маманы Ә.Амангелдиев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары туралы баяндама жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<