Қармақшыда 47 жастағы азамат суға ағып кетті

284

0

Қармақшы ауданында 47 жастағы азамат суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға аудан орталығы – Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзені бойында болған. Азамат рұқсат етілмеген орында суға түскен. Оның денесін судан бірнеше сағаттан кейін төтенше жағдайлар мамандары алып шықты», – делінген хабарламада. Айта кетсек, бұған дейін тағы да үш адам суға кетіп, көз жұмған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<