«Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясы басталды

927

0

 2018 жылдың 1 тамызынан бастап «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Жаңа оқу жылы жақындағанда жыл сайын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткiзедi.
Аталған акция биыл он бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Акция 2018 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейiнгi кезеңде «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтедi.
Акцияның мақсаты-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.
10 жыл бойы өткізілген акция барысында еліміз бойынша 2 млн. 662 мыңға жуық бала жалпы 17 млрд. 836 млн. 187 мың теңгеден астам қаражат көлемінде материалдық көмек алды.
Қазалы ауданы бойынша өткен 2017 жылғы «Мектепке жол» акциясы барысында 596 балаға 3 млн. 382 мың теңге көлемінде материалдық көмектер берілді.
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына оқулықтар, киім-кешек алып беруге және оқу жылы барысында ыстық тамақпен қамтуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Алайда, бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасының қажеттілігін толықтыра алмайды. Сіз де оларды мектепке дайындауға және киім, аяқ-киім, спорт киімдерін, оқу құралдарын алып беруге көмектесіңіз.
Қазалы ауданының білім бөлімі ауданымыздағы ірі өндіріс, мекеме, кәсіпорын, серіктестік басшыларын, жеке тұлғаларды және ізгі жүректі барлық азаматтарды балаларға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей ат салысуға шақырады.
АКЦИЯҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢІЗДІ ҚОСУ АРҚЫЛЫ БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ ЖҮЗІНЕ КҮЛКІ СЫЙЛАҢЫЗ.
БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: 8(72438) 24519, 21338, 21918
Қазалы ауданының білім бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<