Байқау жарияланды

316

0

 ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДА ӨҢІРЛІК «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ
ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер
1.1. Журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізуге арналған осы Ереже Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №148 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына сәйкес әзірленген.

1.2. Конкурстың басшылығы:
1) Конкурстың құрылтайшысы Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы;
2) Конкурсты ұйымдастырушы  Қызылорда облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
1.3. Осы Ереже конкурстың өткізілу тәртібін және жобаларды іріктеу өлшемдерін айқындайды.
2. Конкурстың мақсаты және міндеттері
2.1. Конкурстың мақсаты – этносаралық қатынастар тақырыбын жазып-көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.
2.2. Конкурстың міндеттері:
1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;
2)  этносаралық қатынастар мен мәдениетаралық диалог саласындағы мемлекеттік саясат жетістіктерін жазып-көрсету;
3) қазақ халқының және Қазақстанда тұратын этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау;
4) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
5) қазақстандық журналистиканың дамуына қолдау көрсету;
6) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік тақырыбын жазып-көрсететін қазақстандық БАҚ өкілдерінің рөлдері мен жауапкершіліктерін арттыру болып табылады.
3. Конкурсқа қатысушылар
3.1. Конкурсқа республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатыса алады.
3.2. 2018 жылғы байқауға соңғы 2 жылда өткізілген конкурстардың жеңімпаздары қатыса алмайды.
3.3. Әр қатысушы тек қана 1 (бір) өтінім бере алады.
4. Конкурс басшылығы
4.1. Конкурс құрылтайшысы конкурсқа жалпы басшылықты жүзеге асырады.    
4.2. Өңірлік деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылықтары Құрылтайшы, «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырушы болады.
4.3. Ұйымдастырушы:
– осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
– қазылар алқасын құрады және оның құрамын бекітеді;
– конкурстың барлық рәсімдері мен оның өткізілу тәртібін айқындайды және  конкурс жеңімпаздарын марапаттауды қамтамасыз етеді;
– конкурс қорытындыларын бекітеді;
– www.assembly.kz сайтында конкурстың жариялануы туралы ақпарат орналастырады, конкурстың қорытындылары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.
4.4. Конкурс жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастырушының қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.
4.5. Конкурс жеңімпазын қазылар алқасы айқындайды.
5. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі
5.1. Конкурсқа мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған,  2018 жылғы 20 маусымнан 5 қазанға дейін БАҚ-та,  оның  ішінде,  этноБАҚ-та және газетте жарияланған баспасөз материалдары, бейнесюжеттер қабылданады.
5.2. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– ақпараттық жаңалықтар мен телевизиялық бағдарламалардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған  үздік  бейнесюжеттері;
– баспа басылымдардағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған  үздік мақалалар;  
5.3. Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
– өңірлік кезеңнің жеңімпаздары 2018 жылдың қазан айында марапатталады;
– конкурстың бірінші (өңірлік) кезеңінен өткен конкурстық жұмыстар 2018 жылғы 5 қазаннан   2018 жылғы 15 қазанға дейін өтетін конкурстың екінші (республикалық) кезеңіне жіберіледі. Оны өңірдегі ұйымдастырушылар өздері шешеді;
5.4. Конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдерді қабылдау уақыты өткеннен кейін берілген немесе конкурс талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер конкурсқа жіберілмейді.
5.5. Конкурсқа жіберілген материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.
6. Конкурстық өтінімді ресімдеу талаптары
6.1. Конкурсқа қатысуға өтінім беру қатысушының осы Ережемен белгіленген конкурсқа қатысу талаптары мен шарттарына келісімін білдіреді.
6.2. Конкурсқа қатысу үшін берілген өтінім:
– кандидаттың осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған  өтінімінен;
– өтінімнің конкурс талаптарына сәйкес келуін растайтын қосымша құжаттарды қамтуы тиіс.
Бір өтініммен берілетін материал саны 3-ден кем болмауға тиіс.
6.3. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына конкурстың атауы мен жіберушінің деректерін көрсетіп, электронды түрде, сонымен қатар, жабық конвертпен жіберуге болады.
6.4. Конкурсқа қатысуға түскен өтінімді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысу үшін тіркейді.
Ақпараттық сипаттағы қысқа материалдар /баспасөз хабарламасы, т.б./ конкурсқа қатыстырылмайды.
6.5. Конкурсқа қатысуға түскен өтінім осы Ережемен көзделген талаптар бұзылған жағдайда қабылданбайды және тіркелмейді.
Байланыс телефондары: + 7 242 270 01 25, 8 778 254 02 53;
E-mail:  deva_1985@bk.ru

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<