ҚҰРБАН АЙТ: ШАРАПАТЫ МОЛ ҰЛЫҚ МЕЙРАМ

248

0

Жаратқан бір Аллаға сыйынып, Ислам әлемі аңсай күткен айтулы ұлық күн– Құрбан айт мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Дінімізде бұл мерекенің алар орны айрықша. Бұл күні құрбандық шалғаннан артық амал жоқ, десе де, мұның қатарында, Құрбан айтта ауыл аймақтың, ағайынның елдің бірлігін күшейтіп, өзара бауырластығын арттыруға апаратын мейрам. Құрбан айтта рухани тазарумен қатар айналамыздың тазалығына, ысырапшылдыққа жол бермей шынайы қайырымдылық шараларын молынан өткізгеніміз абзал. Біздің елімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен осынау жарқын мейрамның алғашқы күні демалыс күні ретінде жарияланып, азаматтарымыздың құрбан шалуына, Аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған. «Болашақ ұрпақтың ата дәстүрін бойына жиып, иманды да парасатты, мейірімді де бауырмал, білімді де өнерлі болуы еліміздің болашағының кепілі. Болашақ үшін еңбек ету баршамыздың міндетіміз. Бізге аса қажеттілік – бұл рухани тазалық. Рухани тазалыққа бастау болатын Құрбан айт мерекесі халқымызға бейбітшілік, жерімізге құт-береке, әрбір отбасыға амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін»
Ізгі ниетпен, Жаңақорған ауданының əкімі Ғалым Махмұтбайұлы Əміреев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<