Головкин мен Альварес жайлы деректі фильм шықты

208

0

Мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя «Leigh Simons Productions» киностудиясымен бірлесіп қазақстандық боксшыға қарсы рематчқа арналған деректі фильм түсірді. Фильмнің монтаждық жұмыстары толығымен аяқталып, желіге жүктелді.
 Фильмде боксшылардың рингтен тыс өмірі және бірінші кездесу жайлы пікірлер айтылады. Қос тараптың бапкерлері мен промоутерлері алда болатын рематч жайлы, қарымта кездесуге дайындық туралы сөз қозғайды. Фильмде көбіне бірінші кездесудегі видеолар, қос спортшының бір-біріне бағыттаған жойқын соққылары кезек-кезек көрсетіліпті.
Тағы да еске сала кетейік, отандасымыз Геннадий Головкин «GGG» мен мексикалық Сауль Алварес «Канело» арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<