ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ АРТТЫ

381

0

Қоғамдық бақылау құралдарының көмегімен еліміздегі қоғамдық кеңестердің тиімділігі артып келеді. Қызылордадағы әріптестерімен кездесуде Алматы облыстық қоғамдықкеңесінің мүшесі Бекнұр Қисықов осыны жеткізді. 

Ол аталған ұйымның азаматтық белсенділікті күшейтудегі ролін ерекше атап өтті. Елішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқ­тажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуде қоғамдық кеңестің маңызы зор. Бекнұр Қисықов әр аймақтағы ұйым мүшелерінің өзара тәжірибе алмасып отыруы жұмыс сапасын жоғарылатуға сепекенін еске салды. Сонымен қатар Алматы облысы бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде айтты. 

Жиын барысында қатысушылар ұйым жұмысын жандандыруға байланысты пікір бөлісті.

 

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<