Ізгілендіру заңын талқылады

344

0

Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімі, Байқоңыр қалалық соты, Байқоңыр қаласының прокуратурасы қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен Байқоңыр қалалық сотының ғимаратында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы «12» шілдедегі №180-VI Заңымен 2018 жылғы 31 шiлдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Заңын қолдану тәртіптері толық, әрі жан-жақты талқыланып, құзырлы органдар өз ойларымен бөлісіп, бір келісімге келіп, хаттамалық шешім қабылдады.

Байқоңыр қалалық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері сотқа іс-құжаттар жолдау тәртібін және сотталғандарға аталған Заң бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бұл Заң мемлекет тарапынан сотталғандарға деген жан-жақты жеңілдіктер мен ізгілендірулерді қамтиды. Заң талаптары Байқоңыр қалалақ пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандардың біршамасына қолданылатындығы айқындалды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, әрекеттері жаңа заңның қолданылу аясына сәйкес келетін барлық сотталғандарға құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілетін болады.

Байқоңыр қалалық пробация

қызметі бөлімінің бастығы

әділет капитаны                                                                                       А. Танбаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<