Ақша айырбастау орындары алтын құймаларды сатуға дайындалып жатыр. Олар
ды жыл соңына қарай сатып алуға немесе сатуға болады , – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-09/medium/1537248950_photo_50017.jpg)
Ақша айырбастау ассоциациясы өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта құймалар тек екінші деңгейлі банктерде шығарылып жатыр. Бірақ, айтуларынша ақша айырбастау орындарында алтын бағасы одан арзанырақ болады. Сондай-ақ, ақша айырбастау орындарының өкілдерінен және сатып алушылардан операциялар үшін ешқандай салық пен комиссия ұсталмайтыны айтылады.
Айта кетейік, қазір салмағы 10, 20, 50 және 100 грамм құймалардың грамм үшін бағасы – 15 000 теңге.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<