Тәртіп сақшылары кешенді жұмыс атқаруда

731

0

 Қызылорда облысы .шкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту мақсатында есепті мерзім ішінде 93 жедел профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, оның нәтижесінде 356 түрлі құқық бұзушылықтар анықталды. 60 ішкі істер органдарының қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50-бабымен көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін 42 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған барлық сыни материалдар бойынша тиісті тексерулер жүргізілуде.

 Сыбайлас жемқорлық сипатындағы немесе өзге де лауазымдық қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудың әрбір дерегі төтенше оқиға болып есептеледі. Мұндай құқық бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар мен олардың басшылары заңмен белгіленген қатаң жауапкершілікке тартылады.

 Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған қызметкерлердің бұрынғы жұмыс орны бойынша көшпелі сот отырыстарын өткізу тәжірибесі жалғасуда.

Ай сайын департамент пен оның аумақтық бөліністерінің жеке құрамына шынайы жедел-тергеу материалдарына негізделіп, ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бөліністерімен дайындалған полиция қызметкерлерін ұстауды, соттармен айыптау үкімдерін шығаруды және олардың бас бостандығынан айыру орындарындағы одан кейінгі өмірін сипаттайтын деректі фильмдер көрсетіледі.

Жеке құрам арасындағы заң бұзушылық мәселелері тұрақты түрде Консультативтік-кеңесші органның, Офицерлік және Полицейлік жиналыстардың отырыстарында қаралады. Ол жерде құқық бұзушылықтарға жол берген полицейлерге қатысты профилактикалық тұрғыдағы жұмыстар жүргізіледі.  

Жас мамандарға өмірлік тәжірибесі мол, ішкі істер органдарында 3 жылдан аса қызмет өтілі бар және жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген білікті тәлімгерлер бекітіледі.

Тәлімгерлер жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына, тәрбиелік жұмысты ұйымдастыруға, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықтың нығаюына ат салысуда.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен департаменттің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілерін алдын алу және жолын кесу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда.

   

Алтынбек Шүйіншалиев, 

Қызылорда облысы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, 

полиция подполковнигі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<