Жастар жаңа жобаны қолға алды

230

0

Өңірде «Zhas project»  жастар корпусын дамыту жобасы бойынша көптеген әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Соның бірі –  «Smile» кондитерлік орталығының жобасы. Оның басты мақсаты – жұмыссыздық деңгейін азайту, «Кәсіп ашып, нәсіп табамын» деушілердің арманына қанат бітіру.

Жаңашыл жобаның көшбасшысы Жадыра Жұмаеваның айтуынша, батыл бастаманың басы-қасынан «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ табылған. Ақпараттандыру жұмысы да жүйелі жүргізіліп келеді. Қазір жобаға қатысуға ынталы  40-қа жуық адамның тізімі жасалды. Алдағы уақытта олар арнайы маманның дәрісін тыңдап,  шеберлік сағаттары барысында көрген-білгенін практика жүзінде жүзеге асырады. Дайындаған өнімдерінен жәрмеңке өткізу де жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<