Синоптиктер 27-29 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыста күн суытып, жауын-шашын жауады. «Аномальді жылы ауа райынан кейін Қазақстандағы ауа райы өзгере бастайды. Суық атмосфералық фронттармен байланысты белсенді бұлтты массив республиканың батысына жылжыды және демалыс күндері шығыс бағытта жылжи отырып, жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар және Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының төмендеуін тудырады», – деді «Қазгидромет» өкілдері.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<