Ең төмен күнкөріс деңгейі жыл басынан бері 11,8% өскен

230

0

 2018 жылғы қазанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28 620 теңгені құрап, өткен айдағы көрсеткіштен 0,2% аз болды (28 690 теңге), – деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 11,8 процентке, ал өткен жылдың қазанына қарағанда 11,2 процентке жоғарылаған. Оның құрамында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындар үлесі 18,7, сүт, кілегей өнімдері мен жұмыртқаға – 14,6, жемістер мен көкөністерге – 12,7, нан және жарма өнімдеріне – 6,9, қант, шай және дәмдеуіштерге 2,1 процентті құрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<