Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ынтымақтастықтың 2018 жылғы нәтижелерін қорытындылады

207

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Н.Назарбаев пен В.Путин екіжақты ынтымақтастықтың 2018 жылғы нәтижелерін қорытындылап, Қазақстан мен Ресей арасындағы түрлі бағыттағы байланыстардың оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттер күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді, соның ішінде Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың қазіргі ахуалын талқылады.
Ел көшбасшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Ресей халықтарына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<