![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-01/1547213360_1547213035_585.jpg)
– Джошуа, «Қайсарға» қош келдіңіз!
– Рахмет!
– Алдымен өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз?
– 1988 жылы жылы қызғалдақтар мекенінде дүниеге келгенмін. Ата-тегіміз арубалық. Нидерландыда арубалық имигранттар өте көп. Жалпы көбісі бұл қандай ел деп ойлауы мүмкін. Аруба – 150 мың халқы бар Кариб теңізіндегі шағын мемлекет.
– Жеке өміріңізге тоқталсаңыз?
– Футболшы үшін сүйіктісін тауып, бас қосып, отау тігу өміріндегі ең қызық, ең тәтті шақ. Бұл шақты қазір бастан өткерудемін. Яғни, отбасын құрғанмын. Екі баламыз қатардан қалмай, өсіп келеді.
– Футбол әліппесін қай клубтан үйрендіңіз?
– Нидерландыда футбол мектептері өте көп және әлемдегі өзіндік орны қалыптасқан. Бұл спортқа алғашқы қадам Роттердам қаласынан басталды. «Спартаның» академиясынан дәріс алып, сол клубтан түлеп ұштым.
– Мансабыңызда қанша клубтың жейдесін кидіңіз?
– «Қайсар» клубына дейін 5 клубтың намысын қорғаппын. Атап айтсам нидерландық «Спарта», «Валвейк», «Твенте», даниялық «Норшеланн». Соңғы клуб түріктің «Бурсаспоры»
– Жақын арада Қазақстан жеріне аяқ басарыңыз тұр. Ел біріншілігі туралы не білесіз?
– Бұл елге барып көрмесем де, жақсы мемлекет екеніне кәміл сенімдімін. Біріншіліктен бейхабармын деуге болады. Бірақ «Астананың» чемпиондар лигасында ойнағанын білемін.
– Қызылордада «Қайсардың» жанашыр жанкүйерлері жеткілікті. Сізді клубтың жаңа ойыншысы болғаныңыздан хабардар. Команданың жанкүйерлеріне алып-қосарыңыз бар ма?
– Қателеспесем, біріншілік көктем айында басталады екен. Сондықтан клубтың жанашыр жанкүйерлерімен сол кезде қауышамыз. Негізінде жанкүйерсіз жеңіске жету өте қиын. Қолдау болса, жеңіс те болады. «Қайсардың» жанкүйерлерімен кездесуге асықпын.
– Сұхбат бергеніңізге рақмет. Жаңа клубыңызда сәттілік тілеймін!
– Сізге де рақмет!
Ерасыл ШӘРІБЕК
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<