![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-02/medium/1549265987_big_1f0b7bba771f1714c3d102e6dc584ea4.jpg)
Тұтас дәуірдің куәсіне айналған қария Кіші Аралдың оралғанына шүкіршілік етеді, көшіп кеткендердің қайта оралып, теңізге шыға бастағанына қуанады. Үлкен Арал теңізі де қайта оралар деп үміттенеді. Арал ауданы Бөген және Қарашалаң ауылы балықшыларының тыныс-тіршілігі, Кіші Аралды Үлкен Аралдан бөліп тұрған Көкарал бөгетінің бүгінгі күйі – фильмнің негізгі тақырыбы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<