Ауылдастар барымташыны ұстауға көмектесті

229

0

Қызылордалық полицейлер ауыл тұрғындарының көмегімен мал ұрлығының бетін ашты.

11 наурыз күні таңғы уақытта Шиелі ауданы Бірлестік ауылының тұрғыны ауылдасының мал қорасынан бес бас қойды жасырын ұрлап бара жатқан автокөлікті ұстап тұрғаны жайлы полицияға хабар берген.

Тексеру барысында көлік ішінде болған Махамбет ауылының тұрғыны малды жасырын ұрлап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Сол жерде учаскелік полиция инспекторы ауыл тұрғындарының көмегімен күдіктіні ұстады. Оқиға орнынан бес бас қой дәлелдеме ретінде алынып, қолхат арқылы жәбірленушіге қайтарылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, күдікті тұлғаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<