Қыз-келіншектерді құттықтады

210

0

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінің ұйымдастыруымен «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш өтті. Шараны ЗК-169/1 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев ашып, нәзікжандыларды мерекемен  құттықтады.

Мерекелік кеште ҚР ІІМ ҚАЖК Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде талай жыл маңдай терін төгіп еңбек еткен қыз-келіншектерге ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Естеліктер айтылып, лебіздер білдірілді.

Ер азаматтар қауымы қызметте жетістіктерімен көрініп, міндетін мүлтіксіз орындап жүрген мамандарға алғыс хаттар табыстап, сый-сыяпат жасады. Сонымен қатар, өнерлі жігіттер әннен шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара Қызылорда облыстық филармониясы әншілерінің  мерекелік ән шашуымен ұласты.

Д.Шахи,

облыс бойынша ҚАЖ департаменті

ЗК-169/1 мекемесінің инспекторы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<