Украинадағы сайлау: Владимир Зеленский алда келеді

207

0

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың екінші турындағы электронды хаттамалардың 52,03 пайызын санады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Украининформға сілтеме жасап. 

Мәліметтерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың  24,61% жақтаған. 

Жарамсыз болып қалған бюллеттендер 2,33%.

Еске салсақ, Украинаның кезекті президенттік сайлауында Зеленский мен Порошенко екінші турға өткендігі туралы жазған болатынбыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<