2019 жылдың 13-26 мамыр (қоса алғанда) аралығында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен электронды үкімет веб-порталы арқылы (www.egov.kz) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру мақсатында облыс тұрғындарын ынталандыруға бағытталған «Барлығына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы өткізілетіндігін хабарлаймыз. Портал арқылы:
- әрбір 350-шы қызмет алушыға картридер және ақпарат тасығыш (флешка)
- әрбір 370-ші қызмет алушыға смартфон
- әрбір 530-шы қызмет алушыға планшет
- әрбір 720-шы қызмет алушыға фотоаппарат
- әрбір 1000-ші қызмет алушыға ноутбук
- 3500-шы қызмет алушыға теледидар сыйға тартылады.
Акция төмендегі электронды мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылар арасында жүргізіледі:
1) |
Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру |
2) |
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою |
3) |
Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру |
4) |
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу |
5) |
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу |
6) |
Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру |
7) |
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу |
8) |
Медициналық қызметке лицензия беру |
9) |
Фармацевтикалық қызметке лицензия беру |
10) |
Тұрғын үй көмегін тағайындау |
11) |
II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру |
12) |
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру |
13) |
Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту |
14) |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру |
15) |
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу |
16) |
Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну |
17) |
Архивтік анықтамалар беру |
18) |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы |
19) |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау |
20) |
Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
21) |
Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу |
22) |
Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру |
23) |
Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру |
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<