70 мыңға жуық оқу гранты бөлінеді

475

0

2019-2020 оқу жылына жалпы жиыны 69 256 грант бөлінбек, – деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.
Мұндай шешімді құрамына Парламент депутаттары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары, мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін  ведомствоаралық жұмыс тобы қабылдаған.
 «2019-2020 оқу жылына жалпы жиыны 69 256 грант бөлінбек. Оның ішінде бакалавриатқа – 53 785 грант, магистратураға – 13159 грант, PhD докторантураға – 2312 грант бөлінді. Биылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламаларына тағайындалады. Бакалавриатта – 97 білім беру бағдарлама, магистратурада – 154 және докторантурада – 150 білім беру бағдарламасы бар. Оқуға түскен грант иегері солардың бірін таңдауы керек», – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<