Жас ақынның жауһар жырлары

552

0

Бүгінде азабы мен ғажабы қатар жүретін ақындық өнерде талантты жастардың тұтас бір шоғыры қалыптасып келеді. Ойлары отты, қиялы ұшқыр. Жүрегінде жалын, жанарында оты бар жастардың бірі – әріптесіміз Ақтөре Ибрагимұлының «Жүректегі жазулар» атты өлеңдер кітабы жарық көрді.
«Жастар жылы» аясында жа­рыққа шыққан өлеңдер жина­ғында ақынның соңғы жылдары жазған жауһар жырлары енген. Тілге жеңіл, терең ойлы жазбалары оқырманға ерекше әсер қалдырады. Мәселен. «Ақын болу – жан сақ­тамау, ар сақтау», «Ерте келдім заманға ай-күнімнен», «Сұлулыққа құштармын», «Өлеңімді өміріме баладым», «Сөкпеңдер мені, достарым» деген өлеңдері жас буынға ой саларлық дүние.  Жас ақынның алғашқы туындысы жырсүйер қауымға арналады.
Ақын болу – ел атынан наз айту,
Ақын болу – бақытыңды азайту.
Ақ қағазды жайнамаздай қадірлеп,
Елге арнап ең киелі сөз айту, –
деп Ақтөренің өзі жыр­ла­ғандай, әріптесімізге биік белестерден көрініп жүре беруіне тілектестік білдіреміз.
«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<