Сабантой мерекесі

849

0

Облыстық татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінің аланыңда Сабантой мерекесі өтті.
Сабантой мерекесіне облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен белсенділері, қала тұрғындары қатысты. Мерекелік кешті құттықтау сөзбен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келесім» КММ-нің директоры Уалихан Ибраев ашты:
«Шын мәнінде Қазақстанда Сабантой бүкіл халықтық мереке болып саналады. Бұл тамаша мереке тек татар ғана емес бір шаңырақ астында тұратын барлық этнос өкілдерін біріктіреді».
«Қоғамдық келісім» КММ-нің директор Сабантой үшін дәстүрлі құмыра сындыру рәсімін өткізді.
Іс-шарада татар этносының ұлттық тағамдары мен тұрмыстық заттары көрме-жәрмеңкесі, кітап көрмесі, фотосуреттері ұсынылды.
Сабантой мерекесіне келген қала тұрғындары концерттік бағдарламалар тамашалап, мерекелік ойындарға қатысты. Татар этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары көңілді ән мен билерді орындады.
Мерекеде Татарстаннан келген қонақ әнші Болат Зиганшин өнер көрсетті. Сондай-ақ, ол Татарстан Республикасының Президенті Р.Н.Миннихановтың  жолдаған құттықтау хатын оқып шықты.
Мерекелік бағдарламаға сәйкес әр түрлі ұлттық және спорттық ойындарынан: татарша күрес, гир көтеру, армрестлинг, бөренеде жастықтармен күресу, қаппен жүгіру және т.б. жарыстар өткізілді.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыстық Қазақстан
халқы ассамблеясының
баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<